Wir verwenden Cookies, um die Benutzerfreundlichkeit dieser Webseite zu erhöhen (mehr Informationen).

Prof. Dr. Werner Gitt

Киелі кітаптың кереметтері

Wir leben im 21. Jahrhundert und haben gerade in den letzten Jahrzehnten von überwältigenden Erfolgen der Wissenschaft gehört: Dem Menschen gelang der Flug zum Mond, das Schaf Dolly wurde geklont und das Genom des Menschen sequenziert.

Kann man in solch aufgeklärter Zeit noch an die Wunder der Bibel glauben? Sind die Auferstehung der Toten, die plötzliche Heilung von Schwerkranken oder physikalische Wunder wie die augenblickliche Stillung des Sturmes auf dem See Genezareth dem heutigen Menschen noch zumutbar? Der Autor und Wissenschaftler Werner Gitt geht in dieser Schrift auf diese und ähnliche Fragen ein.

Dieses Traktat eignet sich besonders gut zur Weitergabe an suchende Menschen!

10 Seiten, Best.-Nr. 126-73, Kosten- und Verteilhinweise | Eindruck einer Kontaktadresse


 Киелі кітаптың кереметтері

 Ғылым мен техниканың табысты жетістіктері аталып отырған қазіргі заманда кереметтің болуы бір қарағанда мүмкін емес болып көрінеді. Өткен ғасырдың екінші жартысының өзінде-ақ адамзат тарихының өркен­деуінің жаңа дәуірі туралы айтатын мынандай ашылыс­тар болды:

  • 1938 жылы неміс инженері және өнертапқышы Конрад Цузе (1910-1995) алғашқы бағдарламаланушы ком­пьютерді жасады;
  • 1938 жылдың 3 желтоқсанында оңтүстік-африкалық дәрігер Кристиан Бернард (1922-2001) әлемде алғашқы рет адамның жүрегінадамға ауыстырып салды;
  • 1969 жылдың 21 шілдесінде американдық ғарышкер Нейл Армстронг Ай бетіне аяқ басқан алғашқы адам болды. Оның: «Кіші қадам бір адам үшін, ал үлкен қадаммен аттау бүкіл адамзат үшін» деп айтылған сөзі тарихта қалды.
  • 1996 жылы шотландық эмбриолог Ян Вильмут «Долли» атты қойды жасанды түрде жасап шығарды (клонирование);

Осы орасан күрделі ғылыми жетістіктер адамзаттың бүкіләлем құпиясының сырын ашуға қабілетті екендігін және ол үшін танымалдылықтың шегі жоқ екендігін ойға салады. Осындай ғылымға деген шексіз сенімнің негізінде көптеген замандастарымыз Киелі кітапқа сын көзбен сенімсіз қарайды. Олар бұл «Кітаптың Кітабында» ғылым жүзіндекөптеген түсіндіре алмайтындар бар деп айтады, мысалы мыналар:

  • пәк қыздан баланың туылуы;
  • өлімнен қайта тірілу;
  • зағиптардың көзі ашылуы мен ақсақтардың сауығуы;
  • Күн қозғалысын бұйрық беріп тоқтату.

Киелі кітаптық кереметтердің таңқаларлық ерекшеліктерін (феномен) толықтай қарастырып және «21-ші ғасырдың адамы әлде де осыларға сенеме?» деген сұраққа жауап беруге тырысамыз. Бірақ, ең алдымен керемет деген түсінікке шамалап анықтама берейік (1-ші анықтама):

1-ші анықтама: Керемет бізді сондай таңдану жағдайына әкеледі, өйткені олар кенеттен және күні бұрын болады да біздің күнделікті байқауларымызға қарама – қайшы келеді.

Егерде керемет кенеттен болса, онда кенеттен емескеремет не?

Бұл сұраққа жауап беру кенеттен болатын керемет пен кенеттен емес болатын кереметтің арасына межелік сызық қоюымызға әкеледі. Біз өмір сүріп отырған дүниеде болып жатқандардың бәрі берік өзара байланысқан заңдылықтармен шектелген. Осы өзгермейтін өзара байланыстарды біз табиғат заңдары деп атаймыз. Табиғат заңдары константа екені бізге белгілі, яғни, олар әлем жаратылысының басынан бастап тұрақты. Олар әрқилы техникалық ашылыстарға кең жол ашып береді, бірақ сонымен бірге ой санамызда туындағанды іске асырудың көптеген мүмкіндігінен айырады.

Табиғат заңдарының дәлдігі мен дұрыстығы жайлы біздің таңдануымыз.

Табиғат заңдарының қалай «жұмыс істеп жатқанына» таңдануымыз толастамайды. Олардың мәні аса зор, бізді таңдануға әкелетіннің бәрі оларға бағынышты! Бірде мен Гамбург қаласында болғанымда порт айдынында бір кеменің баяу жылжуын бақылап қарап тұрдым. Сонда Архимедтің (б. ғ.д. 285-212 жж.) ашқан мына заңы есіме түсті: «Сұйықтықтың ішіне батырылған дененің сұйықтықтың салмағына тепе-тең дене көлемінде итеріп шығаратын күші бар».

Бұл заңның қандай қызықты құбылысты суреттеп тұрғанын елес­тете аламыз ба? Мысалы, кеменің ішіне егеуқұйрық кірді, кеме сол сәтте оның кіргенін сезіне егеуқұйрықтың салмағына сәйкес«итеріліп шығарылған» судың сал­мағына сәйкес дәлме-дәл суға батады. Егерде біз бұл жағдайда кеменің қаншалықты тереңдікке батқанын есептегіміз келсе, мұны істей алмас едік. Өйткені кеменің дәл геометриялық қалпы белгісіз, мүмкін оның кейбір жері боялған бояулармен қапталған болар және де ескектің бұрандасы су астына шығып тұр т.т. және т.с.с. Ал осындай есептеу жүргізу үшін осындай жағдайлардың бәрі есепке алынуы қажет. Іс жүзінде мұның бәрі дереу және дәлме-дәл іске асады. Кеменің қосымша тереңдікке батып, егеуқұйрықтың салмағына сәйкес суды «итеріп шығаруына» судың молекуласының «кішкене шегіне тұруына»кім бұйрық береді?

Осы заңдылыққа Гамбург қаласындағы кеме ғана емес, жер бетіндегі барлық кемелер бағынады. Бұл ваннада суға батырылған ойыншық пен көл немесе өзенде жүзіп жүрген үйрекке де қатысты. Егерде есептеу үйректің денесінің қалпы мен қауырсындарының құрылысының анықталуына негізделсе, ешкім ешқашан үйректің батып тұрған суының тереңдігін есептеп шығара алмас еді. Қарапайым тұжырымдалған заңдылықтың шарттарына осындай күрделі құбылыс­тың бағынуы, әрқашан, әр уақытта және барлық жерде дәлме-дәл іске асатындығы кімнің еңбегі? Осы есептеулерді жүргізіп тұрған және сонан соң оны нәтижесіне сәйкес іске асыратын біреудің бары еш күмәнсіз!

Табиғат заңдарының
іске асуын кім қадағалап тұр?

Иә, шын мәнінде табиғат заңдарының іске асуын қадағалап тұрған Біреу бар. Ол туралы біз Қолостықтарға арналған хаттың 1-ші тарауының 17 аятынан «... бәрін аман сақтайтын да – Сол» дегенді оқимыз. Бұл әлемді Қорғаушы, Ол арқылы бүкіл дүние жаратылған: «Өйткені көктегі, жердегі, көзге көрінетін және көзге көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер – бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған» (Қолос. хат 1:16). Ол - Жаратушы, сонымен қатар барлық жаратылысты Қорғаушы болып есептеледі, Ол – Тәңір Ие Иса Мәсіх! Сонымен қатар Иса Мәсіх барлығына, микроғарыш пен макроғарышқа даең жоғарғы билігін жүргізеді.

Әлемнің жаратылуы табиғат заңдарына қатысты жаратылған жоқ. Бұл жаратылысты Жаратушы Өзінің құдіретті күшімен, Өзінің сөзімен, Өзінің күшімен және Өзінің көрегендігі және даналығымен жаратты. Бұл үшін Оған табиғат заңдары қажет болмады. Олай болса, табиғат заңдары әлемді жаратқан күш те емес, себеп те емес. Табиғат заңдары – бұл жаратылыстың нәтижесі. Олар әлем жаратылысы біткеннен кейін іске асты, жәнеде болып жатқанның бәрі осы заңдылыққа бағынды. Табиғат заңдарының әрқашан және барлық жерде сақталуының кепілі - Иса Мәсіх. Оған ешқандай компьютердің және ешқандай жанама көмекші құралдардың қажеті жоқ. Еврейлерге арналған хаттың 1–ші тарауының 3-ші аятында: «...Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр» деп айтылғандай, Оның құдіретті әмірімен айтқан сөзі жеткілікті. Міне, Мәсіхтің осы міндетті қызметі табиғат заңдылықтарының көмегімен орындалады. Табиғат заңдарының өзіндік жиынтығында қатаң шектелгендіктен біздің дүниетанымыздағы барлық құбылыстар одан тысқары өтеді.

Кереметке тағы басқа орын бар ма?

Табиғат заңдары біздің әлемде құбылыстардың болу және болмауын іс жүзіндегі шешетін «жоғарғы сот» болып есептеледі. Алайда, көптеген күрделі құбылыстар (мысалы, ми жүйесінің қызметі немесе ұрықтың дамуы) адамға түсініксіз және сондықтан да ол «керемет», осы жағдайда да табиғат заңдарының бірде біреуі бұзылмайды. Осы әлемде осыған ұқсас күрделі әрі түсініксіз болатын нәрселерді кездестіруге болады, бірақ біз оларды кереметтер қатарына қоспаймыз. Бұл толғаныстар біздікереметтің адыңғыдан да дәлме-дәл (1-ші анықтамадан айырмашылығы) анықтамасына алып келеді:

2-ші анықтама: Керемет – бұл табиғат заңдарының әрекетінің шектеуінен тысқары, уақыт пен кеңістікте өтетін құбылыстар.

Бізде адам баласында табиғат заңдарының әрекетін тоқтататын күшіміз жоқ. Сондықтан да адам керемет жасай алмайды. Киелі кітап бізге өте көп жағдайларда Құдайдың немесе Иса Мәсіхтің жасаған керметтері жайлы хабарлайды. Мысалы:

  • Исраил халқының Қызыл теңіздің ортасынан өтуі (Мысыр. шығу 14:16-22);
  • Күнге тоқтаубұйрығын беру (Ешуа 10:12-14);
  • сұрапыл дауылға тыйым салу (Марқа 4:35-41);
  • Иса Мәсіхтің көл бетімен жүруі (Жохан 6:16-21);
  • соқыр адамның сауығуы (Жохан 9: 1-7);
  • 5000 адамды 5 күлше нанмен тамақтандыру (Жохан 6:1-15);
  • Елазардың өлімнен қайта тірілуі (Жохан 11:32-45);

Ескертпе: Адам табиғат заңдарына қарсы әрекет істесе, онда ол бұл әрекетті басқа күштің көмегімен әрекет етеді. Бұл не Иса Мәсіхтің шәкірттері, Оның осыны істеуге сенім берілген адамдары ( мысалы, Петірдің су үстімен Исаға қарай жүруі (Матай 14:29), Петір Исаның атымен ғибадатхана ауласының алдында отырған сал қайыршыны сауықтыруы (Елшілер. стері 3:1-9), немесе сиқыршылар, сәуегейлер және солар сияқты жындардың күші басқарып тұрған адамдар [мысалы, перғауынның сиқыршылары (Мысыр. шығу 7:11,12)]

Табиғат заңдарының көмегімен Киелі кітаптағы кереметтерді түсіндіруге бола ма?

Құдай табиғат заңдылығының шегінде әрекет ете алады, бірақ жиі жағдайда Құдайдың әрекеті оның шегінен шығады. Жақыптың хатының 5-ші тарауы 17,18 аяттарынан Ілияс пайғамбар жаңбыр жаумасын деп сиынғанда, 3 жарым жыл жаңбыр жаумады. Ал ол қайтадан сиынғанда «аспаннан жаңбыр құйылды» дегенді оқимыз. Мұны Құдай Өзінің еркін орындап істеді. Алайда, метериолог болса бұл жерде табиғат заңдылықтарының еш бұзылғандығын қарастырмас еді.

Білім жетістігі дәуірінде Киелі кітаптық мәтіндері онда баяндалған оқиғалар мен құбылыстар табиғи-ғылыми түсіндіруге болады ма деген сұраққа жауап алу мақсатымен «сүзіліп» сыналды. Табиғат заңдарының шектеуіне сыймайтындарын болуы мүмкін емес деп қабылдамады, ал Киелі кітаптық хабарламалардың лайықтысын ойдан шығарған деп тапты.

Көптеген жағдайларда Киелі кітаптың оқиғалары табиғат заңдылықтарының тұрғысынан түсінікті «болғысы келмейді». Құдай тәуелсіз әрекет етеді, Ол Билеуші Құдай Тағала. Табиғат заңдылықтарын Өзі жаратқан, яғни Ол оған бағынышты емес. Оның іс әрекеті үшін ешқандай шектеу жоқ, «Себебі Құдайдың ешбір сөзі жүзеге аспай қалмас!» (Лұқа 1:37). Оның еркі орындалады.

Әлемнің жаратылуы – Киелі кітаптың «Жара­тылыс­тың басталуы кітабының» 1-ші тарауында баяндалған – бұл бірінші керемет. Құдай алты күн ішінде Өзінің жос­пары мен Өзінің ниеті бойынша біз өмір сүріп отырған таңғажайып дүниені және ондағы барлық тіршілікті жаратты.

Құдай Ұлы Иса Мәсіхтің туылуы – бұл бірден-бір ерекше керемет және Құдайдың құпиясы: Пәк қыз Мәриям «Киелі Рухтың құдіретіменаяғы ауыр» болды (Матай 1:18). Міне осылай Иса Мәсіх, Құдай Ұлы және Адам Ұлы дүниеге келді. Айқыштағы Өзінің өлімімен Ол біздің күнәларымыздың құнын өтеді және біздің мәңгілік өміріміздің кепілі болды.

Иса Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуі – келесі өте маңызды ешбір табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге болмайтын естен кетпес оқиға. Бұған биологиялық немесе медициналық дәйектеме табу құр бекер болады. Өлімнен қайта тірілу – табиғат заңдарының шегінен тысқары әрекет ететін Құдайдың ерекше ісі.

Иса неліктен кереметтер жасады?

Мәсіхтің жасаған кереметтері дүниеге Ол әкелген Ізгі Хабардан бөлінбейді. Ол көктен жерге жеке куәлігінде «Құдай Ұлы» деген белгімен саяхатшы ретінде келген жоқ, Ол Өзінің сөздерімен және істерімен куәландыратын Құдайдың Хабаршысы болып келді. Оның жасаған кереметтері мен дәлелдері Оның Жаратушы, Құтқарушы және мәңгілік Патша екендігі Оның билігінің дәлелдері болды. Ал олар – Оның қызметі мен ілімінің құрастырушы бөлімі.

Біз жоғарыда айтылғандардың негізінде Құдай жасаған кереметтерді одан да нақты сипаттап оларға келесі анықтаманы бере аламыз (3-ші анықтама):

3-ші анықтама: Керемет – бұл Құдай немесе Иса Мәсіх жасайтын таңғажайып және ерекше оқиға мен іс, олардың көпшілігі табиғат заңдарының әрекетерінен тысқары жасалынады.

Құдайдың кереметтерінің жындардың қара күшінен айырмашылығы олар төменде жазылғандарға қызмет көрсетеді:

  • Оның мадақталуы үшін [мысалы әлемнің жаратылуы (Забур жыр. 18:2), соқыр­дың сауығуы (Жохан 9:3)];
  • адамдарға көмек көрсету үшін [мысалы, шөлдеген адамдар үшін жартастан су ағызды (Мысыр. шығу 17:1-6), ашығып отырған Ілияс пайғамбарға қарғалар тамақ әкелді (Патша 3-ж. 17:6)];
  • сенімді нығайту үшін [мысалы, Қана қаласындағы үйлену тойында суды шарапқа айналдыруы (Жохан 2:7-11)];
  • құтқару үшін [мысалы, дауылға тыйым салу (Марқа 4:39)];

Сенім кереметі

Қазіргі уақыттағы өте таңғажайып кереметке адамдардың Иса Мәсіхтің шақыруына құлақ асып Оның соңынан еруі және мәңгілік өмір сыйын алуы жатады. Бұл жағдайда табиғаттың заңдылықтарын жоюдың қажеті жоқ, тек ескі болмыспен ойлауды жаңасына алмастыру керек. Бұған мысал ретінде Елшілердің істері кітабындағы 16 тарауының 23-34 аятта­рын­дағы түрме бастығының Құдайға деген сенімсіздіктен сенімге қалай өткені баяндалған. Оның: «Мырзалар, құтқарылуым үшін не істеуім керек?» деген сұрағына Пауыл мен Сыйлас: «Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзіңде, үй ішінде құтқарыласыңдар!» – деді.

Пауыл неге «Құдайға сен» деп айтпады? Мүмкін түрме бастығы мынандай жауап берген болар ма еді: «Біздің Грецияда Зевс, Крон, Реа, Посейдон, Аид, Апполон, Артемида және Гермес деген өз құдайларымыз да жетеді». Ал Пауыл айқышта өлген және өлімнен қайта тірілген Иса Мәсіхті айтты. Тек Ол арқылы ғана құтқарылу және мәңгілік өмір алуға болады. Түрме бастығының құтқарылу жайлы сұрағына жалғыз ғана жауап болды, ол жауап бүгінгі күнде де дәл сол кездегідей – Иса Мәсіх! Тек осыны түрме бастығы түсініп Иса Мәсіхті өзінің Құтқарушысы деп қабылдады.

Түрме бастығының шешім қабылдауына қанша уақыт кеткені таңқалдырады. Құтқарылу жолы туралы ол алғашқы рет түн ортасында естіді. Содан кейін Пауыл мен Сыйлас, сөз жоқ бұл туралы мүмкін онымен нақты тағы бірнеше сағат бойы сөйлескен болар. Оның Иса Мәсіхке бет бұрысы бір-ғана түн ішінде өтті. Бұл болған жағдай, алғашқы рет құтқарылу жолына әкелетін Ізгі Хабармен бүгін танысып отырған оқырмандарға үлгі. Исаның соңынан еруге шешім қабылдау үшін алдымен міндетті түрде 23 немесе 168, немесе басқа сансыз уағыздарды тыңдау қажет емес. Ізгі Хабар күші сол сәтте-ақ әсер етеді. «Сенім кереметінің» көрінуі үшін табиғат заңдарының әсерін жеңудің қажеті жоқ. Бірақ бұл біздің жеке еркімізбен байланысты ішкі жан – дүниеміздегі кедергілерді жеңіп шығу, атап айтқанда:

  • біздің орнығып қалған ескі ойлауымызды жеңіп шығу,
  • тәкаппарлығымызды жеңіп шығу,
  • қатып қалған жүрегіміз сияқты кедергілерді жеңіп шығу.

Сенімге келген адамның бастан кешіргені өзінің ойлағаны мен көз алдында елестеткенінен де асып түседі. Ол Құдайдан қашықтағанын және күнәкар жолын тастап құтқарылу жолына түседі, осы сәтте ол Құдай Патшалығының тұрғыны болып: «Алайда біздің отанымыз көкте!» дейді (Філіпі. хат 3:20). Біз осыдан Иса Мәсіхтің соңынан еруге шешім қабылдау, Оған деген жеке сенімге ие болу өміріміздегі ең мәнді және маңызды болатынынның ең артығы.

Сізде бүгін-ақ Иса Мәсіхті жүрегіңіздің төріне отырғызуға шешім қабылдаңыз! Құтқарылу сенімін тауып алуға көкте өзіне орын «сақтап қоюға» мына төменде жазылған немесе осыған ұқсас мінажат көмектеседі:

«Тәңір Ием Иса Мәсіх, мен көктегі Сенің Патшалығына кіргім келеді. Мені тәкәппарлықтан, өмірімде істеген басқа күнәлардан тазартшы. Мен Сенің Құдай екеніне және біздер адамдар үшін осы дүниеге адам болып келгеніне сенемін. Сен менің Құтқарушымсың. Мен өзімді Саған тапсырып және Сені өз өміріме қабылдаймын. Менің жүрегіме еніп өмірімнің ИЕСІ болып мені мақсатқа жеткізші. Аумин!»

Профессор,
Техника ғылымының докторы
Вернер Гитт